«Таза Қазақстан»: ҚР ІІМ тексерулері қандай нәтиже берді

7623
Фотосурет: polisia.kz

Өткен жылдың сәуір айынан бастап республика аумағында "Таза Қазақстан" бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Оның аясында ІІМ қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерде тастауға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

Акцияға 7037 полиция қызметкері қатысты. Мобильді топтар қалдықтарды жою саласында тексерулер жүргізді.

Нәтижесінде 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды, сондай-ақ 307 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді:

  • қоғамдық орындарды ластаудың 109 мың фактісі;
  • абаттандыру ережелерін бұзудың 198 мың фактісі.

Жергілікті атқарушы органдарға 782 бұзушылықты жою туралы нұсқау берілді, оның нәтижесінде 524 қоқыс үйіндісі жойылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -