Шет ауданында бейнебақылау камералары орнатылды

8151
Фотосурет: Gov

Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында биыл 25 бейнебақылау камерасы орнатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жабдықтар аудан орталығының негізгі көшелерінде, сондай-ақ елді мекенге кіреберістерде және адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан.

Ақсу-Аюлы әкімі Дархан Смаиловтың айтуынша, қондырылған құрылғылар замануи функциялармен, соның ішінде адамдардың беті мен автомобильдерді дәл тану атқарымымен жабдықталған. 

Камералар автономерлерді талдау арқылы көлік құралының немесе оның иесінің іздеуде екенін анықтауға қабілетті.

Камералардан барлық ақпарат полиция бөліміне келіп түседі, онда қызметкерлер тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

Жаңа бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері мен жұмыс алгоритмін көрсету үшін Дархан Смайылов жергілікті полиция бөлімі мен аудандық прокуратураның басшылығына арнайы тұсаукесер ұйымдастырды.

– Мұндай жүйелерді енгізу оқиғаларға жедел ден қоюға, қылмыстың алдын алуға және біздің тұрғындарымызға неғұрлым қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді, – дейді аудан орталығының басшысы. – Сонымен қатар, камералар халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға көмектеседі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -