Астанада 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы ардагерлері арасында бильярд турнирі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Шараны Бас қолбасшылықтың отставкадағы полковник Григорий Григорьянц басқаратын Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Елордалық «Zodiak» бильярд клубында өткен спорттық турнирге 15-ке жуық адам қатысты. Енді олар бильярд үстелінде өзара күш сынасып, өздерінің мергендігін, ұстамдылығы мен жақсы спорттық бейнесін көрсетті. Ұйымдастырушылардың арқасында ақсақалдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, нағыз спорттық құмарлық пен табандылықты сезінді.
Жүлделі орындар үшін күресте ардагерлер Жанболат Ахметов, Владимир Астанкевич және Бауыржан Сүлейменов үздік нәтиже көрсетті. Сәйкесінше, жарыстың бас төрешісі, запастағы полковник Жанболат Ахметов 1-орынды иеленді, екінші орынды отставкадағы шебер-сержант Бауыржан Сүлейменов иеленді, ал үшінші орын отставкадағы полковник Владимир Астанкевичке бұйырды. Олардың барлығы Ардагерлер кеңесінің мүшелері.
ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы Григорий Григорьянц жеңімпаздарға грамоталар, медальдар мен ақшалай сыйлықтар табыстады. Назардан басқа да қатысушылар тыс қалған жоқ. Ардагерлер кеңесінің арнайы грамотасымен отставкадағы полковник Алексей Мельников марапатталды.
Айта кетейік, Ардагерлер кеңесі биыл бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Олардың ішінде шаңғы жарысы, скандинавиялық жүруден, үстел теннисі, шахмат және «спорттық балық аулау» жарыстары, сондай-ақ, бард әндерін үздік орындау байқауы бар. Аталған барлық спорттық жарыстар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізіледі.