Шымкентте қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Прокуратура медициналық ұйымдардың 103 науқастың мүгедектігін анықтау үшін оларды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жібермеу фактілерін анықтады.
Қадағалау актісі бойынша 18 науқасқа мүгедектік белгіленіп, әлеуметтік көмек көрсету құқығы қалпына келтірілді. Қалғандарына қатысты медициналық диагностикалық шаралар жүргізілуде.
Бұзушылықтар үшін медициналық ұйымдардың 42 медицина қызметкері, оның ішінде 14 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.