"Астана-Алматы" пойызы спутниктік интернетке қосылған алғашқы бағыт болды

7150
Фотосурет: Gov

«Астана-Алматы» бағыты бойынша жүретін №3/4 поездарының жолаушылары Интернетке қосылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл рейс теміржол көлігінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында іске асты.

Бұл ЦДИАӨМ мен Eutelsat-OneWeb компаниясы арасындағы келісімнің арқасында жүзеге асты. Бұлжоба интернетке дәстүрліқосылутәсілдерішектеулінемесеондай мүмкіндік жоқ елдіңшалғайөңірлерінде тұрақтыжәне жоғары жылдамдықтықолжетімділіктіқамтамасыз етуге бағытталған.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Ануар Ахметжанов жаңа технологияны Wi-Fi көмегімен желіге қосылу бойынша сынады.

Пойыздардағы Интернет заманауи спутниктік технологияларды пайдалана отырып қосылады, бұл жолаушыларға сапар бойы мессенджерлерді, бейне хостингтерді және басқа да онлайн-сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Біз Eutelsat-OneWeb компаниясымен спутниктік байланысты қосу бойынша ынтымақтастық аясындағы жоспарларымыздың жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің еліміздің аумағы үлкен және дала бойынша интернет қолжетімсіз, енді пойыздарда оған қосылу және сапар барысында онлайн сервистерге қол жеткізуді пайдалану мүмкіндігі бар» Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев

КөптегенжолаушыларWhatsApp бейне қоңырауыарқылытуыстарынабірденқоңыраушалып, YouTubeбейнелерінкөріп, басқа да танымалқызметтердіпайдалана алды.Жолаушыларжаңақызметтіңсапарды,әсіресеұзақмаршруттардаыңғайлы ететінін атап өтті.

Интернеттің қосылу жылдамдығы 50-100 Мб/с болды, бұл интернетті ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз етеді, бірақ торренттер мен ағындық жүктеулерге қол жетімділік шектеулі болады.

Айта кетейік, аталмыш жоба № 3/4 «Астана-Алматы» пойызының бір құрамында іске асырылды және пилоттық кезең сәтті аяқталғаннан кейін басқа бағыттарға кеңейтілетін болады, бұл «ҚТЖ» АҚ Ұлттық тасымалдаушысының заманауи технологияларды енгізу және сервис сапасын жақсарту жөніндегі стратегиялық бағытына сәйкес келеді.

Eutelsat-OneWebспутниктікжелілерінбасқаруОрталығы«Көктерек» ОКЖ-де орналасқан және тек Қазақстандығанаемес, бүкілОрталықАзияөңірінқамтудықамтамасыз етеді.

Интернетті қосу жобасын Қазақстандағы OneWeb ресми серіктесі «Jusan Mobile» компаниясы іске асыруда. Eutelsat-OneWeb авиацияда, теңіз тасымалында және корпоративтік секторларда белсенді қолданылады, бұл оның әмбебаптығы мен сенімділігін көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -