Төрт ауыл Бәйдібек ауданындағы табиғи газға қосылды

4895
Фотосурет: Gov

Жыланды, Жоғарғы Боралдай, О.Тайманов, Теректі ауыл тұрғындары үшін 2025 жыл қуанышты жаңалықпен басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов ауыл тұрғындары көптен күткен табиғи газды салтанатты түрде іске қосты. Бұл игі іс ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын көтермек.

Сонымен қатар, қаңтар айының соңына дейін Кеңестөбе, Бірлік, Қазата елді мекендерін және жыл соңына дейін Бәйдібек ата елді мекенін табиғи газға қосу жоспарлануда. Нәтижесінде аудан бойынша 36 елді мекен табиғи газбен қамтылатын болады. Ол халықтың 85,8 пайызы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -