Халықты жұмыспен қамту: Теміртауда бос орындар жәрмеңкесі өтті

4752
Фотосурет: Gov

Демалыс күндері бос орындар жәрмеңкесінде Теміртау тұрғындары жұмыс тапты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оған 200-ге жуық жұмыс іздеуші қатысып, олардың 70-і жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Түрлі қызмет салаларындағы 30 кәсіпорын бос жұмыс орындарын ұсынды, оның ішінде Qarmet және Qarmet Service, «ҚазАрматура» зауыты, «ҚазЭнергоМаш» корпорациясы бар. 

Сондай-ақ, прокуратура өкілдері мен пробация қызметінің инспекторларынан кеңес алуға болады.

– Бізде халықтың түрлі санаттары үшін жұмыс орындары бар. Біз ЖОО түлектері мен NEET жастарына, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан оралғандарға бос жұмыс орындарын ұсынамыз. Сонымен қатар, қалада «Алтын жас» бағдарламасы да сәтті жұмыс істеуде, зейнеткерлер бұл жобаға үлкен қызығушылық танытуда. Бос жұмыс орындары баршаға жеткілікті, – дейді Теміртау қаласының Мансап орталығының директоры Мақсат Төлеутаев.

Мансап орталығы өкілдерінің айтуынша, мұндай жәрмеңкелер ай сайын өткізіледі. 

Сонымен қатар, Теміртау тұрғындарының жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен жұмыссыздарға арналған бағдарламалар туралы көбірек білуі үшін ашық есік күндерін ұйымдастыру жоспарланған.

Бүгінгі таңда enbek.kz Электрондық еңбек биржасында қала бойынша 1400-ге жуық бос жұмыс орны қолжетімді.

 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -