Токаев Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау телеграммасын жолдады

4235
Фотосурет: Аkorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпин мен оның барша отандасын «Чуньцзе» мерекесімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Президент жаңару мен бірлікті, мейірімділік пен жасампаздықты дәріптейтін қастерлі мейрамға орай жылы лебізін жеткізіп, елін бүгінгіден де биік белестерге жетелеуді көздеген ҚХР Төрағасының стратегиялық бастамалары мен игі жоспарларына сәттілік тіледі.

Қазақстан мен Қытайдың мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі күннен-күнге жанданып, мызғымас достық пен өзара тиімді ықпалдастықтың үлгі тұтарлық көрінісіне айналғанын зор ризашылықпен атап өтемін. Бұл игі іске Сіздің қосып отырған ерекше үлесіңізді жоғары бағалаймын және Қытаймен сан қырлы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға мүдделі екенімді растаймын Қасым-Жомарт Тоқаев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -