Қазақстан жыл соңына дейін елдің барлық су ресурстарын цифрландырады

4114
Фотосурет: primeminister.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін су ресурстары бойынша ақпараттық жүйе әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл жүйеге Қазақстан аумағында 17 736 өзен мен 2 949 шағын көл, Каспий және Арал теңіздерінің шекарасы, 8 су шаруашылығы бассейні мен 77 су шаруашылығы учаскесі, 377 магистральды канал, 56 тоған, 297 су қоймасы және 548 бөгет цифрландырылып, енгізілетін болады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған жұмысқа Су ресурстары және ирригация министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы – Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы да тартылып отыр. Мекеме су шаруашылығы саласындағы барлық деректерді жинау және өңдеу, қысқа және ұзақ мерзімді болжам, модельдеу және басқа да жұмыстармен айналысатын болады.

Әзірленіп жатқан ақпараттық жүйе су шаруашылығын басқаруды жаңғыртуға, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және болжам жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың ағымдағы жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Жүйенің негізгі міндеті - су ресурстарын пайдалану мен қорғауға байланысты шешімдер қабылдау кезінде ашықтықты, автоматтандыру және талдауды қамтамасыз ету.

«Жүйені енгізу су ресурстарын есепке алу және басқару үшін бірыңғай цифрлық платформа құруға, оларды пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ төтенше жағдайдың алдын алу үшін неғұрлым сапалы талдау мен болжам жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда суды есепке алу және су ресурстарының ағымдағы жай-күйін жедел мониторинг жасау үшін модульдерді әзірлеу аяқталуда. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін жүйені сынақтан өткізу және пайдаланушыларды оқыту жоспарлануда» Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -