Ұландықтар елорда автобустарында жолаушыларға әскери жылдар әндерін орындады

4180
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан ансамблінің ерлер хоры солистері қалалық автобусты концерт алаңына айналдырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олар жанды сүйемелдеу арқылы соғыс жылдарындағы әндерді қоғамдық көлік жолаушыларымен бірге орындап, "жеңіске 100 күн қалғанда" республикалық акциясын бастады.

Күйбең тірліктің қамымен, түрлі ойлардың жетегінде жүрген қала жұртшылығы үшін әдеттегі автобус кенеттен концерттік алаңға айналды. Ұлттық ұлан Ансамблі ерлер хорының тікелей сүйемелдеуімен жолаушылар да санадан өшпес «Смуглянка», «На солнечной поляночке» әндерін қосыла орындады. Құқықтық тәртіп әскері осылайша «Жеңіске 100 күн қалғанда» республикалық акциясын бастады.

Әскери музыканттар қала тұрғындарының күнделікті сапарына ерекше әсер етіп, көпшілікке оң эмоция мен жағымды атмосфера сыйлады.

Шындығында, іс-шараны ұйымдастырушылар тарихты сақтауда, сондай-ақ соғыстың қиын жылдарында халық рухын асқақтатуда музыканың маңызды рөл атқарғанын, отандастарымыздың ерлік үлгілерін насихаттауды көздеген.

Айта кету керек, мерекелік іс-шаралар барша халықты Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет көрсетуге жұмылдырады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық ұлан «Жеңіске 100 күн қалғанда» республикалық акциясына қосылды. Айтулы датаға дейін құқықтық тәртіп әскерінің барлық өңірлік қолбасшылықтарында патриоттық тәрбие бойынша кешенді жұмыстар өткізілетін болады. Ұлы Отан соғысының батырларын еске алуға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, түрлі мәдени-қоғамдық акциялар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылмақ. Акцияның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың жадына Жеңіс пен соғыс тарихының маңыздылығын жеткізу.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -