Арнайы операциялар күштерінің командасы БАӘ беделді жарыстарға қатысады

4444
Фотосурет: Gov

Арнайы күштердің басты сынағы мәртебесіне ие «The UAE SWAT Challenge» арнайы бөлімшелердің халықаралық жарыстары 1-5 ақпан аралығында Дубайда өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оған 70-тен астам елден 121 команда қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 1300 адамнан асады. Қазақстан Қарулы күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан барлығы 12 команда қатысады. Жарыс арнайы күштердің халықаралық топтары арасында тәжірибе алмасуға, дағдыларын арттыруға, бөлімшелердің білімдерін көрсетуге бағытталған.

Қатысушы командалар әр түрлі тактикалық категорияларда бес қиын сынақтан өтуі керек. Онда дәлдік пен командалық жұмысты көрсету қажет. Олардың барлығы Дубай арнайы күштерінің мамандандырылған оқу орталығының базасында өтеді. Ұйымдастырушылар жаһандық деңгейде барлық SWAT командалары арасындағы ынтымақтастықты жолға қою және қатысушыларға арнайы бөлімшелердің кәсіби стандарттарын жетілдіруге мүмкіндік беру міндетін қойып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан Арнайы операциялар күштерінің «Жаубасар» командасы Шарджа қаласында жарысқа дайындықтың белсенді кезеңінен өтуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -