Қазақстандық дәрігер Астана-Мәскеу рейсінде егде жастағы жолаушының өмірін сақтап қалды

7293
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 24 қаңтарда Астана-Мәскеу рейсінде 85 жастағы жолаушылардың бірі кенеттен қысылып, шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Астана медицина университетінің түлегі және ҚР ПІБ ЖМА отоневролог дәрігері Қарлығаш Бакированың үйлесімді іс-қимылының арқасында егде адамның өмірін сақтап қалды.

Немересімен бірге ұшу кезінде Виктор Карпин жағдайы күрт нашарлағанын сезді. Әуесеріктер жолаушының жағдайына назар аударып, байланыс арқылы медицина қызметкерін шақырды. Қарлығаш Бакирова дереу көмек көсетуге кірісті.

Пациент гипертониямен ауырды, бірақ дәрігердің қарап-тексеру кезінде оның қысымы 50/30 мм сын.бағ. дейін төмендегені анықталды және импульс сезілмеді. Жағдай жедел іс-қимыл жасауды қажет етті. Қарлығаш Бакирова реанимациялық іс-шараларды, оның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жасап, пациенттің жағдайын уақытша тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Дәрігер шұғыл қонуды талап етті және экипаж жақын маңдағы Уфа әуежайына қонуға шешім қабылдады. Ұшып келгеннен кейін Виктор Алексеевич дәрігерлердің қолына тапсырылды, кейінірек оның жағдайы тұрақталды. Қарлығаш Бакирова дәрігерлердің оң динамикасы мен біліктілігін растаған жолаушының немересімен байланысын үзген жоқ.

Бұл Астана медицина университетінің түлегі ұшақ бортында шұғыл жағдайда өмірін сақтап қалған бір айдағы екінші жағдай екенін еске сала кеткен жөн. Бұған дейін осы университеттің интерні Дінмұхамед Бектұрғанов жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп, Қызылорда-Астана рейсінің жолаушысының өмірін сақтап қалған еді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -