Арнайы операция күштері болашақ патриоттарды тәрбиелеуде

3102
Фотосурет: Gov

Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы Алпамыс мектебінің шәкірттерін қанатының астына алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Арнайы операциялар күштері 22750 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Астана қаласындағы Alpamys school мектебінің оқушыларына ерлік сабағын өткізді.

Оқушыларға әскери құралым құрамындағы қызметтің ерекшелігі туралы айтылды. Олар сондай-ақ, Арнайы операциялар күштері қаруланған заманауи атыс қаруы мен жабдықтарымен танысты.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Константин Авершин де қатысып, жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіндегі осындай практикалық кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Арнайы операциялар күштері 22750 әскери бөлімінің қолбасшылығы мен Alpamys school мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық бірлескен іс-шараларды, жарыстарды, конкурстарды және практикалық сабақтарды өткізуді көздейді. Тығыз өзара іс-қимыл оқушылардың әскери мамандық туралы түсінігін кеңейтіп, жоғары патриоттық сананы қалыптастыруға және олардың Отан қорғау жөніндегі конституциялық міндетті орындауға дайындығына ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -