Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде «Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясы» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының және метрология саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтауға қатысты болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылау барысында №1 ЖЖҚ арқылы АИ-95-К4 маркалы автомобиль бензинін жіберу кезінде жол берілетін қателіктен асатын ауытқу анықталды. 20 литр бензинді құю барысында 100 мл -ге аз толтыпылған. Бұл стандарттарды бұзу болып табылады.
Жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) «Газпромнефть-Қазақстан операциялық компания» ЖШС №132 ЖЖҚС-ға жіберуді бақылау белгіленген тәртіппен сенім білдірілген және 2025 жылғы 24 сәуірге дейін қолданыста болған М2р-20 металл эталондық өлшеуішті пайдалана отырып жүзеге асырылды.
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2019 ж 11 наурыздағы №81 бұйрығы және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 ж №143 бұйрығымен белгіленген мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесіне сәйкес жанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің көлемін өлшеудің шекті рұқсат етілген қателігі ±4% құрайды.
№132 жанар-жағармай құю станциясында жанар-жағармай құю станцияларын қабылдау, сақтау және босату кезінде әртүрлі өлшеу құралдары, соның ішінде деңгей өлшегіштер, эталондық металл өлшегіш, метростоктар және ТРК қолданылады. Алайда, өлшеу құралдарының бір бірлігін – №1 ЖЖҚ -тексеру кезінде ауытқу рұқсат етілген қателіктерден асып түсетіні анықталды, бұл жабдық қолдануға жарамсыз деп танылды.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының бұзылуы анықталды.
«Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясы» ЖШС заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 145 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.