Қысқы балық аулау төтенше жағдайға айналды

1914
Фотосурет: Gov

ТЖМ құтқарушылары 2 баланы қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қостанай облысы Қарасу ауданындағы аттас ауылдан 12 км қашықтықта құтқарушылар қар құрсауында қалған көлікті шығару бойынша сәтті операция жүргізді.

Әке екі баласын балық аулауға үйрету үшін жолға шығып, қайтарда қар құрсауында қалып, өздігінен қауіпсіз жерге шыға алмаған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Өз кезегінде жүргізуші дер кезінде көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғысын білдірді.

.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -