Астанада қыс: қарды тазалау тәулік бойы жүргізілуде

2277
Фотосурет: Gov

Елордада қар күреу жұмысы тәулік бойы, тоқтаусыз жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

3 ақпан күні таңертең елордада қар тазалауға 2 642 жол жұмысшысы мен 1 811 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ал 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 49 211 текше метр қарды 3 351 ауыр жүк рейсімен шығарды.

Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан полигондарға 4 млн 811 мың 952 текше метр қар 377 089 ауыр жүк рейсімен шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -