"Жібек Жолы" өткізу пунктінің жабылуына байланысты жаңа бағыттар

1936
Фотосурет: Gov

Өзбекстан тарапымен «Гишт-Куприк» өткізу пунктінің құрылысын аяқтау үшін 4 айға жабылуына байланысты, 2025 жылғы 5 ақпаннан бастап Қазақстан тарапындағы «Жібек Жолы» өткізу пункті де жабылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осыған байланысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда аталған өткізу пункттері арқылы шекараны жаяу және жеке пайдалану үшін көлік құралдарымен кесіп өтетін жеке тұлғаларға жол жүру бағыттарын алдын ала қарастыру қажет екенін хабарлайды.

Бұл ретте, жаяу жүргіншілер өткелі «Қапланбек», «Б.Қонысбаев» өткізу пункттері мен «Сырдария» және «Целинный» бақылау-өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Жүк автокөлік құралдарын өткізу әдеттегідей «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Қазығұрт» және «Тәжен» өткізу пункттері арқылы, ал темір жол көлігімен өткізу «Сарыағаш» және «Бейнеу» темір жол өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -