Жетісулық ұландықтар жарақат алған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті

1782
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5514 әскери бөлімінің сарбаздары Талдықорған қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде аяғы тайып кетіп, құлап қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқиға 1 ақпан күні сағат 19.25 шамасында орын алды. Қала тыныштығын қадағалап жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы Бақытбек Исаев және патрульдеуші қатардағы Айдын Мәдібек пен Бақытжан Ерман жолда келе жатып құлап қалған әйелді көріп, бірден көмекке асығады. Радиостанция арқылы дереу жасақ кезекшісіне жағдайды баяндап, жедел жәрдем шақыртуын сұрайды. Көмекке асыққан ұландықтар оқиға онына келіп зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жедел жәрдем келген соң азаматшаны мамандарға табыстады.

- Біз өзімізге бекітілген ауданды қадағалау барысында Шевченко көшесінің бойында аяғы тайып, құлап қалған азаматшаны байқадық. Ойлануға уақыт болмады, көмектесуге ұмтылдық. Дереу жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Басындағы жарақатын қажетті медицина заттарымен таңып, ыңғайлы жерге отырғыздық, - деді Бақытбек Исаев.

Ұландық жауынгерлердің жедел әрекетінің арқасында тағы бір адамның өміріне еш қауіп төнбеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -