Қазақстанның автожол саласын цифрлық трансформациялау: болашақ шешімдер

1551
Фотосурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында республикалық маңызы бар жолдарды интернетпен қамтамасыз ету және көлік саласындағы инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстандағы жол саласының цифрлық трансформациясы азаматтар үшін неғұрлым қауіпсіз әрі жайлы көлік ортасын құруға бағытталған. Қазіргі уақытта келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:

  • жолдарда интернетті енгізу;
  • мемлекеттік қызметтерді цифрландыру;
  • Astana Hub арқылы инновациялық жобаларды іске асыру. 

Инфрақұрылым бөлігінде автожолдарды интернетпен қамту жұмыстары жүргізіліп келеді.

2024 жылы көшпелі тексеру, дыбыс деңгейін өлшеу және интернетсіз учаскелерді анықтау арқылы автожолдарды егжей-тегжейлі талдау аяқталды. Нәтижесінде I кезеңде республикалық жолдар бойында 243 антенна-діңгек құрылысы орнатылады. Осы мақсатта 104 антенна-діңгек құрылыстары бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылы республикалық және облыстық жолдардың 100%-ы мобилді интернетпен қамтылады.     

«Қазірдің өзінде жасанды интеллектінің салаларға еніп жатқанын атап өткім келеді. Мысалы, жасанды интеллект көмегімен автожолдарды диагностикалау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Smart Road Diagnostic System жүйесі арқылы автожолдардың тегістілігі мен табандылығына 2024 жылы 15 мың км жол диагностикаланды. Компания – Astana Hub-тың резиденті. Автожол саласында үш мемлекеттік қызмет түрі толығымен электрондық форматта көрсетіледі. 2024 жылы 1793 мемлекеттік қызмет көрсетілген болатын» Жаслан Мәдиев

Өз кезегінде салалық мемлекеттік органға цифрландыру алдында процесті оңтайландыру бойынша көмек жайлы мысал келтірілді. Министрдің айтуынша, бұрынғы жылдары шамадан тыс жүк тиелген машина салмақ сенсорымен бекітіліп, камера бөлек суретке түсіп, инспектор қағаз түрінде хаттамада бұзушылықты тіркеу үшін машиналар тоқтатылатын. Биыл адами факторды алып тастау жоспарлануда және хаттамалар автоматты түрде ресімделетін болады. Ол үшін әкімшілік кодекске өзгерістер енгізіліп, интеграциялық жұмыстар жүргізілуде. Бұл арқылы автожолдардағы көлік инспекторларының саны қысқарып, сыбайлас жемқорлық саны азайяды, сондай-ақ жолдарды пайдалану мерзімі ұзарып, жүк автомобилдерінің қатысуымен орын алатын апатты жағдайлар азаяды.

Astana Hub автожол технологиялары саласында жұмыс істейтін стартаптар мен компанияларды белсенді түрде қолдайды, оларға тәлімгерлікке, акселерациялық бағдарламаларға және инвестицияларға қолжетімділік береді. Бүгінгі таңда Astana Hub-қа автожол және көлік саласында жұмыс істейтін 24 инновациялық жоба тіркелген. Нәтижесінде олардың кірісі 15 млрд теңгені, экспорт көлемі – 1 млрд теңгені құрап, 1700-ден астам жұмыс орны ашылды.

«Кейбір компанияларды біз бүгінгі отырысқа өз қызметі туралы айтуға шақырдық. Бұл – жақын және алыс шетелдердің нарықтарына шыққан Parqour, Adele Energy Group және Relog отандық компаниялар. Сонымен қатар пилотсыз көлікті пайдалану саласындағы халықаралық тәжірибені де атап өткім келеді. Бірқатар елде, соның ішінде АҚШ, Қытай және Ресейде пилотсыз көлік құралдары тартылған жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Пилотсыз көлік нарығының өзі үлкен әлеуетке ие. Сарапшылардың болжамы бойынша жақын арада осы нарықта экспоненциалды өсу күтілуде. Мысалы, 2035 жылға қарай пилотсыз көлік нарығы $3 трлн-ды құрайды, бұл дегеніміз – шамамен 100 есе өсім» Жаслан Мәдиев

​Сонымен қатар электромобилдер нарығын дамыту үшін жүйелі қолдау қажет. Ол үшін электрлі автокөліктеріне арналған инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын әзірлеу және оларды сатып алу үшін ынталандыру шаралары ұсынылады. Мысалы, кейбір елдерде автотұрақтарға, ақылы жолдарға жеңілдіктер және қоғамдық көлік жолағын пайдалануға рұқсаттар қолданылады.

Сондай-ақ Қазақстанға пилотсыз көлік нарығында жаһандық ойыншыларды тарту үшін келесі слайдта көрсетілген бірнеше кезеңде тиісті жағдайлар жасау ұсынылады. Бірінші кезеңде нормативті-құқықтық актілер (НҚА) қабылданады, пилоттық іске қосу үшін сынақ алаңдары таңдалады. Келесі кезеңде жоба сәтті болған жағдайда ол республикалық ауқымда іске қосылады.

Пилотсыз көлік үшін осындай бастаманы іске қосу Қазақстанға бірқатар стратегиялық артықшылықтар әкеледі.

Біріншіден, халықаралық компаниялар мен инвестициялар тарту. Waymo (Google), Tesla, Baidu, Mobileye, Yandex, Huawei сияқты компаниялар пилотсыз сынау үшін икемді реттелетін елдерді белсенді түрде іздейді.

Екіншіден, автономды көліктерге арналған зерттеулерге, инфрақұрылымға және компоненттер өндірісіне шетелдік инвестициялардың ағыны. Мысалы, Біріккен Араб Әмірлігінде реттеуші құмсалғыш WeRide және Cruise компанияларына Дубайда пилотсыз таксилерді сынауға мүмкіндік берді, бұл көлікті жергілікті цифрландыруды жеделдетті.

Үшіншіден, бұл пилотсыз технологиялар саласындағы жергілікті стартаптардың дамуына ықпал етеді. Аталған бастамаларды іске асыру нәтижесінде Қазақстан өңірлік технологиялық хаб мәртебесін нығайтады. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -