Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен сайлау науқандарының қорытындысын талқылады

5434
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -