Прокурорлар 137 миллион теңге жалақы қарызын төлеуді талап етті

5214
Фотосурет: freepik

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

Атап айтқанда, Тайынша, Тимирязев аудандарының 4 ауыл шаруашылығы кәсіпорны үш ай бойы 254 қызметкердің алдында сомасы 137,4 млн теңге қөлемінде жалақысын төлемеген.

Аққайың ауданында оқу орындарының 123 қызметкеріне арнайы киім-кешек (мақта матадан тігілген халаттар, қолғаптар, отқа төзімді сіңдірілген алжапқыштар, т.б.) қамтамасыз етілмеген.

Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес, жалақы бойынша берешек толық өтелді, қызметкерлерге арнайы киім-кешек берілді, кінәлі тұлғалар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау органы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қатаң сақтау қажеттілігін, оны бұзу заңмен белгіленген жауапкершілікті талап ететіндігін еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -