Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртекті енгізеді

1606
Фотосурет: Медиахолдинг 1Mi

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өз бақылауындағы аумақтарды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өткен жылдың қараша айынан бастап барлық коммуналдық қызметтерге Бірыңғай түбіртек енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова жазды.

Түбіртек барлық төлемдерді шоғырландыруға арналған. Төлеушілерге ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат бір түбіртекте жинақталатын болады.

Вице-министр атап өткендей, біздің мақсатымыз – бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету. Бір түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн режимде беріледі және оны оңай төлеуге болады. Сұраныс бойынша қағаз нұсқасы да қол жетімді.

«Облыс әкімдіктері жұмысқа кірісіп кетті, бірқатар елді мекендерде тұрғындар цифрлық түбіртек ала алады. Біз азаматтарымыз үшін үдерістерді кеңейтуді және жеңілдетуді жалғастырамыз» Жәннат Дүбірова

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -