БҰҰ Қазақстанның климаттық саммит ұйымдастыру бастамасын қолдайды

1980
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 5 ақпанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Қазақстандағы БҰҰ және БҰҰДБ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігі 2026 жылы Өңірлік климаттық саммитті ұйымдастыру жөніндегі бастаманы қолдайтынын растады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы аясында жариялаған болатын.

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісінің м.а. О'Малли Штефен ұсынылған бастамаға қолдау білдіріп, БҰҰ-ның 2026 жылы Өңірлік климаттық саммитті ұйымдастыруға жәрдемдесуге дайындығын растады. Ол аталған іс-шараны өткізу өңірлік ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болатынын және Орталық Азияның Климаттық күн тәртібін іске асыру үшін халықаралық ресурстар мен сарапшылар қауымдастығын тартуға көмектесетінін атап өтті.

Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарына және Париж келісімі шеңберінде өз міндеттемелерін орындауға үнемі ұмтылады. 2026 жылғы Өңірлік климаттық саммит өзекті сын-қатерлерді талқылауға, озық тәжірибелермен алмасуға және Орталық Азия өңіріндегі климаттың өзгеруіне қарсы күрес үшін стратегиялық шешімдерді қалыптастыруға арналған платформаны қамтамасыз ете отырып, осы жолдағы маңызды кезең болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -