Астанадағы қыс: коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді

1749
Фотосурет: Gov

Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде қар күреу жұмысын тәулік бойы жүргізіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл жұмысқа күн сайын 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

6 ақпан күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2627 жол жұмысшысы мен 1600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Ақпанның 5-і мен 6-сына қараған түні елордадан 3 566 рейспен қар полигондарына 51 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері 421 721 ауыр жүк көлігімен қаладан 5,1 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -