2025 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Қазақстандағы БҰҰ және БҰҰДБ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа NDC (ҰДАҮ 3.0) әзірлеуде БҰҰДБ қолдауының негізгі қадамдары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Министрлік жаңа ҰДАҮ дайындау басым міндет болып табылатынын және әртүрлі халықаралық ұйымдардың күш-жігерін шоғырландыруды талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан ФАО-дан ауыл шаруашылығы бағытында қолдау күтеді, ал гендерлік теңдік мәселелері бойынша — ЮНИСЕФ тарапынан көмек күтеді.
БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина ВаверниА БҰҰДБ-ның техникалық және сараптамалық қолдауды қамтамасыз ете отырып, жаңа құжатты әзірлеуге белсенді қатысуға дайын екендігін растады.
Жаңа ҰДАҮ қабылдау парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге өршіл тәсілдерді қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның халықаралық климаттық міндеттемелерін орындау жолындағы маңызды қадам болады.