Болашақтың цифрлық магистралі: Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпірге айналады

1804
Фотосурет: wifi.kz

6 ақпанда Қазақстан Республикасының ЦДИАӨМ мен «Freedom Telecom Holding Ltd.» компаниясы арасында Батыс-Шығыс ұлттық талшықты-оптикалық гипермагистралін салу және Tier-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) құру салаларында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл бастамаларды жүзеге асыру елге Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы халықаралық деректер транзиті үшін баламалы маршрут құруға, Қазақстанның цифрлық қызметтер саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлемдік ірі IT-компанияларды тартуға мүмкіндік береді.

Фотосурет: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралінің құрылысы деректерді беру көлемін айтарлықтай ұлғайтып, Қазақстанды халықаралық интернет-трафик транзитіндегі негізгі қатысушыға айналдырмақ. Бұл жоба деректерді беру кідірістерін азайтуға, қосылу жылдамдығын арттыруға және Еуропа мен Азия арасындағы трафикті өткізуге баламалы маршрут қалыптастыруға бағытталған. Гипермагистраль құрылысы 2026 жылы аяқталады.

Бұл әсіресе бұлтты технологиялар, қаржылық операциялар, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік үшін өте маңызды. Сондай-ақ, гипермагистраль құрылысы ірі IT-компанияларды, телекоммуникациялық корпорацияларды және деректерді жылдам және қауіпсіз тасымалдауға мүдделі қаржы институттары секілді халықаралық клиенттерді тартуға ықпал етеді.

Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытудың негізгі элементтерінің бірі – заманауи деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу. Бұл орталықтар контентті жинақтап, трафиктің тұрақты байланысын қамтамасыз етеді. Олар Tier-III халықаралық стандартына сәйкес салынатындықтан, жоғары сенімділік пен қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.

Фотосурет: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

«Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралін салу» және «Tier-III деңгейінен төмен емес ДӨО құру» жобалары бойынша меморандумға қол қою – Қазақстанның цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды қадам. Бұл бастамалар елдің халықаралық трафик транзитіндегі үлесін арттырып, сенімді деректерді сақтау инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жобаларды жеке инвестициялар есебінен қаржыландыру жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -