Павел Колмаков Дир-Вэллидегі фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды.

11946
Фотосурет: olympic.kz

Фристайл-могулдан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен Әлем кубогының кезеңінде екінші орынға ие болды.

Спортшы жекелей могулда жоғары нәтиже көрсетіп, финалда 84,95 ұпай жинап, күміс медальмен жарысты аяқтады.

Алтын медаль жапониялық Икума Хоришимаға бұйырды – 86,24 ұпай. Үшінші орынды француз Бенджамин Каве 83,82 ұпаймен иеленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -