2024 жылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың алаяқтық әрекеттер, тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы жолданымдарын қараумен және олардың борыш жүктемесін азайту шараларын қабылдаумен байланысты болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
2024 жылы Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 115 445 жолданымын қарады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 86,0%-ға көп. 2024 жылғы желтоқсанда 11 761 жолданым қаралды, бұл 2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда 12,8%-ға аз.
2024 жылғы желтоқсанда жолданымдардың ең көп үлесі – жолданымдардың жалпы санының 53,0%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша жолданымдар жалпы санның 32,8%-ын, коллекторлық агенттіктердің 6,1%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 1,5%-ын, өзге ұйымдардың 4,4%-ын, атауы көрсетілмеген қаржы ұйымдарының 2,2%-ын құрады.
2024 жылы Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген бұзушылықтары бойынша Агенттік қаржы нарығының субъектілеріне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде 100 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 62 жазбаша ұйғарым, 8 жазбаша ескерту, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 524 хаттама бойынша жалпы сомасы 199,1 млн теңгеге 114 әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:
- банктерге қатысты 78 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 2 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 44 хаттама бойынша жалпы сомасы 29,1 млн теңгеге 28 әкімшілік жаза;
- коллекторлық агенттіктерге қатысты 7 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 43 хаттама бойынша жалпы сомасы 10,6 млн теңгеге 36 әкімшілік жаза;
- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты 54 жазбаша ұйғарым, 8 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 427 хаттама бойынша жалпы сомасы 157,6 млн теңгеге 44 әкімшілік жаза;
- сақтандыру ұйымдарына қатысты 12 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 1 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 5 хаттама бойынша жалпы сомасы 1,7 млн теңгеге 5 әкімшілік жаза;
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты 10 ұсынымдық қадағалап ден қоюдың шарасы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 хаттама бойынша жалпы сомасы 94,6 мың теңгеге 1 әкімшілік жаза.
Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалуға және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.
Бағдарламаның 2004 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктер 204,2 млрд теңге сомаға 32,7 мың қарызды қайта қаржыландырды.
Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды конвертациялауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер 114 млрд теңге сомаға 15,7 мың валюталық ипотекалық қарызды конвертациялауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды конвертациялау /қайта қаржыландыру 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктер ХӘОТ санатындағы 10,6 мың қарыз алушыға 92,2 млрд теңге сомасына қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қосымша көмек 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ қарыз алушының банктің балансындағы жалғыз баспанасын меншігіне қайтару түрінде көрсетілуде.