Гвардиялық гарнизондағы пресс-тур

2024
Фотосурет: Баспасөз қызметі ҚР ҚК Құрлық әскерлері

Бұқаралық ақпарат құралдарыныңөкілдерімен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтумақсатында Гвардиялық гарнизонның әскерибөлімдерінің базасында ҚР ҚК Құрлықәскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевтың басшылығыменотандық бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді қызмет сарбаздарының ата-аналарыүшін тақырыптық баспасөз туры ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сапар барысында баспасөз өкілдері  әскерибөлімдердің бірнеше негізгі нысандарын, яғнижауынгерлер ұрыс қимылдарына жаттығатын оқуполигондарын, сондай-ақ техникалық қамтамасызету орталықтарын аралап шықты. Журналистермерзімді қызметтегі әскери қызметшілердіңкүнделікті өмірімен де танысты. Олардың жауынгерлік даярлығының қыр-сырына қанықты.Сонымен бірге, сондағы білікті әскери қызметшілер тарапынан республикалық ауқымдағы түрлі оқу-жаттығуларға қатысты және басқа да мәселелерге байланысты тұшымды жауап алды. 

Сонымен қатар, журналистер әскери қызметшілердің қызмет ету және тұрмыс жағдайларын көрсететін тұрғын және оқу корпустарына да барды. Қолбасшылық өкілдері Қарулы Күштерді жаңғырту, жеке құрамды даярлау бағдарламалары және Құрлық әскерлерін дамыту перспективалары туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сапар барысында әскери техника саласындағыең жаңа әзірлемелер, сондай-ақ тактикалық жәнедене шынықтыруды қамтитын оқу процесініңерекшеліктері көрсетілді. 

"Журналистермен өтетін мұндай кездесу біздіңәскери қызметшілеріміздің жауынгерлік дайындығын және оның деңгейін шынайы көрсетеотырып, олардың қызметі туралы объективті пікірқалыптастыруға көмектесетініне сенімдіміз. СапарҚарулы Күштер жұмысының ашықтығын нығайтумен жұртшылықпен сенімді қарым-қатынасорнатудағы маңызды қадам болды", – деп атап өттігенерал-майор Мереке Көшекбаев.

Баспасөз турына қатысушылар мұндайсапарлардың Қарулы Күштердің оң имиджінқалыптастыру және әскери және азаматтық қоғамарасындағы ашық диалогты дамыту үшін маңыздыекенін айтты. 

"Ұйымдастырылған бұл шара бізге армияныңжұмысын тікелей көзбен көруімізге мүмкіндікберді. Соның нәтижесінде біз әскери өмір мен онда кездесетін әртүрлі қиындықтар туралы, сондай-ақел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асатын жеке құрамды дайындау ісі жайында жан-жақты мағлұмат алдық", - деп атап өтті белгіліқазақстандық блогер Тимур. 

  Баспасөз турының соңында оған қатысқан Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ашықжәне мазмұнды кездесу үшін және әскериқызметшілердің ұйымшылдығы мен жоғарыкәсібилігіне өз ришалықтарын білдірді. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -