Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Дир-Вэллиде (АҚШ) өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңінде екінші рет жүлдегер атанды.
Спортшы параллельді могулда үшінші орынды иеленіп, қола медальға қол жеткізді.
Колмаков қола медаль үшін болған бәсекеде Оңтүстік Корея өкілі Чон Дае Юнды жеңді. Ал алтын медаль жапондық Икума Хоришимаға бұйырды, күміс жүлде канадалық Микаэль Кингсбериге берілді.
Осыдан бұрын Колмаков могулда екінші орынға көтерілген болатын.