Сенатта Аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі кезекті тренинг кезеңі басталды. Семинарға қатысушылар іс жүргізудің негізгі мәселелерін, құжаттармен жұмыс істеу ерекшелігін және электрондық құжат айналымына қойылатын заманауи талаптарды егжей-тегжейлі қарастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сарапшылар оқу барысында құжаттарды ресімдеу мен тіркеу тәртібін, жүйелеу мен сақтауды, сондай-ақ мамандандырылған бағдарламалық шешімдерді қолдануға талдау жасады. Депутаттық сауалдарды ресімдеу тәжірибесі мен азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуге арналған жұмыс ерекше ынта-ықылас туғызды. Оған қатысушылар маңызды сұрақтарға жауап алды.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Сенат Аппаратының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің этиканы сақтау мәселелері бойынша дәріс те тыңдады. Мамандар кәсіби нормаларды, бірыңғай этикалық стандарттар және ұжым ішіндегі өзара іс-қимыл ережелерін сақтаудың маңыздылығына назар аударды.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Семинар қызметкерлердің біліктілігін арттырумен қатар, тәжірибе алмасуға да мүмкіндік берді. Осылайша, Сенат Аппараты жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін және кәсіби дамуға арналған маңызды алаңға айналды.