Энергетика және экология: Қазақстан инвесторлармен ынтымақтастықты нығайтады

6688
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілдерінің қатысуымен Қазақстандағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жыл сайынғы жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Энергетика, экология, мұнай және газ мәселелері жөніндегі Бірлескен жұмыс тобының тең төрағасы ретінде ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бірлескен жұмыс тобының 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарын іске асыру бойынша аралық қорытындылар жасады.

Газды алауда жағу мәселелерін реттеу жөнінде жұмыс тобы құрылды.

Қазақстан 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясы аясында мұнай-газ секторын декарбонизациялау бағытын жалғастыруда. Вице-министр 2023 жылы Қазақстан жаһандық метан міндеттемесіне қосылғанын және бұл қадам елдің климаттың өзгеруіне қарсы халықаралық күш-жігерге бейілділігін білдіретінін атап өтті.

Газды алауда жағуды азайту бағытында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде алауда жағылатын газ көлемі 2006 жылғы 3,1 млрд м³-ден 2024 жылы 0,3 млрд м³-ге дейін төмендеді.

Сонымен қатар Каспий теңізі мен Жайық өзені деңгейінің төмендеуіне байланысты тәуекелдерді басқару мәселелері қарастырылды. Ғылыми институттар мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен инфрақұрылым мен өндіруші кәсіпорындарға теріс әсерді барынша азайтуға бағытталған шаралар әзірленуде. Сондай-ақ су ресурстарын сақтау үшін тиімді шешімдерді енгізуге арналған бейімделу стратегиясы жасалып жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -