Астанада Қарулы Күштерді тылдық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері талқыланды

5599
Фотосурет: Gov

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтың басшылығымен дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тылдық қамтамасыз ету мәселелері соңғы қарулы қақтығыстар аясында қарастырылды. Талқылауға Тыл бастығы басқармасының басшылығы мен бөлімшелердің бастықтары, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының тыл жөніндегі орынбасарлары, Әскери-әуе күштері, Арнайы операциялар күштері қолбасшыларының орынбасарлары және ЖОО бейіндік кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.    

Біз әскерлерді жабдықтау процестерін басқару жүйесін жетілдірудің оңтайлы жолдарын анықтау үшін жиналдық. Ұрыста сәттілікке жету үшін әр жауынгер тоқ, киімі бүтін, қарулы және толық жабдықталған болуы керек. Осының бәрінің артында тыл әскерлерінің қажырлы және жауапты еңбегі тұр Деп талқылау бағытын нақтылады генерал-лейтенант Қ. Әбубәкіров

Кездесуге қатысушылар Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың ағымдағы жай-күйі мен жетілдіру перспективалары мәселелерін талқылады. 

Тыл бастығы басқармасы қызметінің тиімділігін арттырудың маңызды факторы материалдық-техникалық құралдарды есепке алуды цифрландыру болып табылады деп атап өтілді. Сондықтан, осы жылдың басынан бастап тыл қызметі толығымен электрондық құжат айналымына көшті. 

Кездесуде шетел армияларын мысалға ала отырып, жауынгерлік іс-қимылда бөлімшелерді жабдықтау логистикасын ұйымдастыру ерекшеліктері талданды. 

Отырыс қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Қарулы Күштерді тылдық қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін оңтайландыруға және арттыруға бағытталған тапсырмалар берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -