Атырау облысында жаңа медициналық нысан ашылды

4818
Фотосурет: Gov

Атырау облысы Құрманғазы ауданының Кудряшово ауылында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Әбдалиевтің қатысуымен жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жаңа медициналық нысан мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде салынды.
2 мыңға жуық жергілікті тұрғынға қызмет көрсететін салынған ФАП ыңғайлы жағдайда медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Медициналық ұйым штатында пациенттерді 1 дәрігер және 5 орта буын медицина маманы қабылдайды.

Жаңа нысан сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне қосылған, сондай-ақ медициналық жабдықтармен толық жарақтандырылған, физиотерапия, вакцинациялау кабинеттері, дәріхана пункті бар.
Ұлттық жобаның шеңберінде Атырау облысында 18 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған, оның 13-і пайдалануға берілген.

Өңірде ауылдық елді мекендерді білікті медицина кадрларымен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін ауылдық медициналық ұйымдарға жұмыс істеуге келген мамандар үшін 10 миллион теңгеге дейін біржолғы көтерме төлем енгізілді.

Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жаңа ФАП ашу ауыл халқының денсаулығын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -