Семей қаласының мәдениет сарайында «Ерлікке тағзым - ұрпаққа үлгі» атты Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ардагерлер мен жастар форумы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Форумға қаланың ардагерлері, студенттер және «Шығыс» өңірілк қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің сарбаздары қатысты.
Шара барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Бердікенов барлық жиналған қонақтарға алдағы атап өтілетін атаулы күндерге деген жоспарымен бөлісті. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жастардың арасында патриоттық тәрбие бойынша шаралар белсендіріле түсетінін жеткізіп, ардагерлердің аталмыш шараларға ат салысуын сұрады.
Басталмыш шаралар барысында жауынгерлік даңқ музейіне экспонаттарды жинаудан басталатынын жеткізді. Сондай-ақ, қаладан тыс аумақта өтетін мерекелік шараларға Семей шахары атынан қатысатын ардагерлер тізімін бекітіп, олардың шара орнына барып, қайтуы жеке жоспарда екендігі жеткізілді.
Жиын барысында сегіз ардагерлерге «Семей қаласының құрметті ардагері» деген төсбелгілер табысталды. Шара соңы мәдениет сарайы көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.