ТЖМ құтқарушылары жоғалған жасөспірімдерді тапты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бүгін Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы шақырту орнына шықты. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті.
Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыстарын білдірді.