Елордадағы әскери-патриоттық клуб жас сарбаздарды тәрбиелеуде

4818
Фотосурет: Gov

Астана қаласының №13 орта мектебінде күш құрылымдарының өкілдері мен Ауған соғысының ардагерлері Мұрат Манханов және Сембек Қабиевпен кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өткен жылдың қыркүйек айында «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының қолдауымен оқу орнында «Жас арлан» әскери-патриоттық клубы құрылды, оны бастапқы әскери дайындық мұғалімі Әнуар Қасенов басқарады. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуы қарсаңында аталған шараға интернационалист жауынгерлерді шақырды.

Ауған соғысының ардагері запастағы подполковник Мұрат Манханов атап өткендей, аға буын бастан кешірген соғыс зардабы жақынынан айырылған отбасыларға орны толмас қайғы әкелді.

– Балаларға соғыс саяси мәселелерді шешудің жолы емес екенін айту маңызды. Бүгін біз осы мектепте әскери-патриоттық жұмыс қалай атқарылатынын көрдік. Осындай іс-шаралардың арқасында жасөспірімдердің бойында сенімділік, тапқырлық және мықтылық пайда болады. Ең бастысы, әскери дағдылар тікелей мақсатқа емес, дайындыққа жұмсалғаны пайдалы, – деп атап өтті ардагер. 

Клубқа 7–8 сыныптардан елудің үстінде оқушы қатысады. Балалар робототехникамен, хореографиямен, хор әнімен айналысады, әскери істің негіздерін үйреніп, дене шынықтырумен айналысады. 

– Әскери-патриоттық клубтың жұмысын ұйымдастыруға елордалық ерекше мақсаттағы бригада, «Динамо» спорт кешені, № 23 өрт сөндіру бөлімі жәрдемдеседі. Ынтымақтастық жасөспірімдерде моральдық-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді. Оларға арнайы практикалық сабақтар да өткізіледі. Оқушылар төтенше жағдайлар туындаған кезде: өртте, жер сілкінісі мен су тасқыны кезінде іс-әрекет алгоритмдерін зерделейді, – деп №13 елорда орта мектебінің директоры Гүлмира Закирина кәсіби мамандармен қарым-қатынастың пайдасы жайлы айтып берді. 

Шара барысында арнайы жедел әрекет ету жасағының жауынгерлері қоян-қолтық ұрыс элементтерін, ал 68665 әскери бөлімінің құрмет қарауыл ротасы қаруымен дефиле көрсетті. «Жас арлан» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері де басшысына саптық тәсілдер мен қимылдарды көрсетті. 

Полиция қызметкерлерінің, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қолдауымен клуб тәрбиеленушілері өрт сөндіру, төтенше жағдайда зардап шеккендерді құтқару, алғашқы көмек көрсету және басқа да көптеген дағдыларды көрсетті. 

Шара соңында мектеп басшылығы мен әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері қонақтарға қызықты жиын мен пайдалы практикалық кеңестер үшін алғыс білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -