Ресей Федерациясы Бас прокуратурсының бастамасымен ұйымдастырылған «Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты әлеуметтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жарнаманың Халықаралық жастар байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Биыл - 41 мыңнан астам рекордтық жұмыс саны келіп түсті.
Жеңімпаздарды таңдау халықаралық қазылар алқасы үшін оңай жұмыс болған жоқ, оның жұмысына 11 мемлекеттің өкілдері қатысты: Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Таиланд, Мьянма, Бразилия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.
Әр жұмыс ерекше бірегейлігі мен шығармашылық тәсілімен көзге түсіп, көңіл аударуға лайық болды.
Халықаралық қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып алты жас қазақстандық танылды, оның ішінде «үздік сурет» номинациясында Қостанай облысының Октябрь кентінің тұрғыны Даяна Әмірова 1 -ші орынды иеленді.
Оның «Соқыр мысық тышқан ауламайды!» атты жұмысы ең шығармашыл және қызықты деп танылды.
А.ж.18 ақпанда Даянаға Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаментінің басшысы Бауыржан Ұзынжас жас суретшіге шығармашылықта жаңа табыстар тілей отырып, марапатқа лайық еңбек еткен наградасын табыс етті.
Жеңімпаздардың толық тізімі мен жұмыстарымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://anticorruption.life/results/