Майдангер ардагермен кездесу өтті

4136
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Алматыдағы қаласындағы 3650 әскери бөлімінде «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Зинченкомен кездесу кеші өтті.

Сонымен қатар, кездесуге Түрксіб ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Байгудинова Ғалия Асқарқызы да келді.

Кездесу барысында ардагер Ұлы Отан соғысы кезіндегі сұрапыл күндерді еске алып, жастарға бейбіт өмірді бағалауға, оның қадірін білуге және әр уақытта Отанға адал болып, қайсар мінезді, ақылды, шыдамды, білімді болуға, елімізді, жерімізді шексіз сүюге шақырды.

– Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың жаңғырығы әлі де жадымызда. Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Сіздерге ұрпақтарыңыздың атынан шексіз алғыс білдіреміз, мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй тілейміз, - деді бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Фахритдин Абдрахманов.

Майдангерге арналып өлең оқылды, ән шырқалды, деректі фильм көрсетілді. Ардагердің өмірі мен еліне жасаған қызметі, Отанды қорғаудағы батырлығы өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі екендігі сөзсіз.  Кеш соңында ардагерге әскерилер атынан сыйлық пен гүл шоғы тарту етілді.

Сержант Жанна Хусайнова

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -