Үрімжі жақындай түсуде: FlyArystan әуе рейстерін қайта жандандырады

2695
Фотосурет: t.me/flyarystan_inform

FlyArystan Астана мен Үрімші арасындағы рейстерге әуебилеттерін сатуды бастады, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылдың ақпан айында қазақстандық лоукостер FlyArystan Астана – Үрімші – Астана бағытындағы әуебилеттерін сатуды бастады.  

Рейстер жыл бойы жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта 2025 жылдың 13 сәуірінен 24 қазанына дейінгі аралықта аптасына екі рет орындалатын рейстердің билеттері сатылымда. Астанадан Үрімшіге – бейсенбі және жексенбі күндері, Үрімшіден Астанаға – дүйсенбі және жұма күндері ұшақтар қатынайды.

Үрімшіге және басқа бағыттарға әуебилеттерді FlyArystan әуекомпаниясының www.flyarystan.com (https://www.flyarystan.com/) ресми сайты немесе мобильді қосымша арқылы, сондай-ақ басқа да қолжетімді сату арналарында сатып алуға болады. Сонымен қатар, 2025 жылдың көктем-жазғы навигациясына арналған FlyArystan әуебилеттерінің сатылымы ашық екенін атап өткен жөн.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -