Қарағанды облысында балықшылар қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бүгін түнде Қарағанды облысының Абай ауданында Сасықкөл көлінде жағалаудан 6 шақырым қашықтықта үш балықшы мінген көлік аралдың маңында тұрып қалған.
ТЖМ құтқарушылары тез арада оларға жетіп көлікті тазартылған жол учаскесіне шығарды. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.