Биыл Қарағандыда көгалдандырылған кіреберіс пайда болады және жаяу жүргіншілердің мобильдік картасы жасалады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жобалардың аяқталуына баса назар аударылды.
Биыл Қазыбек би атындағы ауданда үш маңызды нысанда абаттандыру жұмыстары аяқталады. Бұл К. С. Станиславский атындағы орыс драма театрының алдындағы алаң. Мұнда тірек қабырғасын қайта тұрғызып, ыңғайлы баспалдақ жасап, аялдамаларды алаңның шетіне ауыстыру арқылы ашық кеңістік жасалады. Тарихи көрінісі бар орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер мен шамдар орнатылып, ағаш егіледі.
Аудан әкімі Ералы Оспанов атап өткендей, бұл нысан тәжірибелік алаң болып табылады: мұнда алғаш рет табиғи граниттен жасалған тротуар плиткасы пайдаланылады.
Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыстағы Сарыарқа көшесіндегі жаңа саябақта да кемшіліктер жойылып, жұмыстар аяқталады.
Ал ең маңызды жоба – Бұқар жырау даңғылын абаттандыру, ол қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі тартымды болмақ.
Биыл жаяу жүргіншілердің жайлы жүруіне ерекше назар аударылды. Жаяу жүргіншілердің мобильдік картасы әзірленіп, оның негізінде Оңтүстік-Шығыстың ең көп жүктелген бағыттары туралы деректер жатыр. Бірінші кезекте Шахтерлер даңғылындағы гүлбақты («БУМ» сауда үйінен № 3 емханаға дейін), сондай-ақ «Норма» дүкенінің жанындағы Бөкетов гүлбағын абаттандыру жоспарлануда. Жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, жарықтандыру орнатылып, әлеуметтік маңызы бар нысандарға қол жетімділік қамтамасыз етіледі.
Маңызды жобалардың бірі Алматы тас жолы жағынан - аркадан бастап православ шіркеуіне дейін қалаға көгалдандырылған кіреберіс салу болады. Жол бойында екі қатарға 2800 жуық ағаш егу жоспарлануда. Қазір топырақтың өсімдік егуге жарамдылығы туралы сарапшылардың қорытындысы күтілуде. Ағаш егу Үлкен Михайловка станциясындағы мектеп жанындағы ескі саябақта ағаштарды кесу үшін өтемдік көгалдандыру аясында да жүргізіледі.
– Барлық өтемдік ағаш егулер қатаң бақылауда болады, – деп атап өтті аудан әкімі.
Қазыбек би ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша биыл 61 жобаны іске асыпу жоспарланып отыр. Өтініштерді 10 наурызға дейін мына сілтеме бойынша беруге болады gov.kz/memleket/entities/karaganda-rayon-im-kazybek-bi.
Бағдарлама бойынша аулалар мен гүлбақтарды жөндеу ғана емес, сонымен қатар жарықтандыру, тұрақ және субұрқақтарды орнату да қаржыландырылады. Билік тұрғындарды жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырады.