«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық науқаны аясында елорданың Сарыарқа ауданында Qar Fest байқауы өтіп, тұрғындар аққала жасады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Байқау белсенді азаматтардың басын қосып қана қоймай, экологиялық ойлаудың маңыздылығын еске салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға баладан ересекке дейін барлық жастағы тұрғындар қатысты. Әрбір қатысушы қардан түрлі мүсіндер жасау арқылы шығармашылық қабілетін және табиғатқа қамқорлығын көрсетті.
Қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Мұндай бастамалар экологиялық сананы дамытуға, қоғамды біріктіруге және қыс мезгілін түрлендіруге әсер етеді.