Қазақстан чемпионаты ММА: қарағандылық спортшылар 23 медаль жеңіп алды

1661
Фотосурет: Gov

Қарағандылық спортшылар аралас жекпе-жек бойынша ММА республикалық чемпионатында 23 медаль жеңіп алды, оның төртеуі алтын, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан және республикалық маңызы бар қалалардан барлығы 700-ге жуық спортшы қатысты.

– Жылдан жылға бәсекелестік күрес пен спортшылар деңгейі артып келеді. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысының жұмысын атап өткім келеді. Қазақстан ММА бойынша әлемдік аренада көшбасшылардың үштігіне кіреді, ал Азия сегментінде 10 жылдан бері біріншілік пальмасын сенімді ұстап келеді, – деп атап өтті Қарағанды облысының ММА федерациясының басшысы Владимир Абросимов.

Барлық кездесулердің қорытындысы бойынша қарағандылықтар 4 алтын, 8 күміс және 11 қола медальға ие болды.

Егор Желтов, Қанағат Мағмур, Еламан Тишпаев алтын алды. Қыздар арасында қарағандылық Жанеля Құсайынова чемпион атанды.

Екінші орынды Олжас Төлеген, Олег Широбоков, Мадияр Серікбай, Даниил Губин және Марат Саражатов иеленді. Қыздар арасында Назерка Елеубекова, Татьяна Гайнуш және Сабина Кабиева күміс жүлдеге ие болды.

Мұрагер Байтөлеуов, Аңсар Өмірбеков, Отарий Тушиев, Даниил Ротэрмель, Ақжол Мирғазин, Бектас Бекеш, Ернұр Нұрасылов, Айтуар Асқар және Виталий Карпунов қола медальға ие болды. Қыздар арасында Елизавета Коломицева мен Асылжан Әмірбекова үшінші орын алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -