Қала тазалығы: Кентауда 20 тонна қоқыс шығарылды

1089
Фотосурет: Gov

Кентау қаласында ұйымдастырылған тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен жастар белсене атсалысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шара барысында 300-ге жуық адам көше бойларын, арық-атыздарды қоқыстардан тазартты. Жиналған қоқыс пен кесілген ағаштарды тасымалдауға 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды.

-Қала тазалығын сақтау-әрбір тұрғын үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан тазартудан басталады. Шара тек бір күндік тазалықпен шектелу емес, қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, туған жерімізді таза әрі көрікті ұстауға шақырады, -деді қала тұрғыны Жанна Қазыбекова.

Жалпы қала әкімі Жандос Тасов тазалық жұмыстарын ұдайы жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бекітілген тапсырма барысында көпқабатты үйлердің аулаларын күтіп-ұстау шаралары тұрғындарға түсіндірілуде. Одан бөлек, қала тазалығын сақтауда белсенділікті арттыру қажеттілігі ескерілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -