Өрт қауіпсіздігі: ТЖМ 24 мыңнан астам нысанды тексерді

1155
Фотосурет: Gov

Өткен 2024 жылы ТЖМ инспекторлық құрамымен 24 038 объект тексерілді, оның ішінде профилактикалық бақылау шеңберінде 13 324 объект қамтылды, жоспардан тыс тәртіппен 10 714 объект тексерілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша 24 560 жеке және заңды тұлға әкімшілік, оның ішінде 21 514-не ескерту түрінде жауапкершілікке тартылды.

2024 жылы ел бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты 5 870 объекттің жұмыс істеуі тоқтатылды. Осы жедел ден қою шаралары «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде қабылданды.

Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 3378 объект өртке қарсы жағдайға келтірілді. 541 объект қайта тоқтатылды, бұл өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау үшін одан әрі күш салу қажеттілігін көрсетеді.

Мемлекеттік инспекторлардың талаптарын орындамау фактілері бойынша сот органдарына ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 1682 әкімшілік іс жіберілді. 1434 істі қарау нәтижесінде сот органдары айыппұл салды.

ТЖМ объектілердің иелеріне, меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі туралы еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -