Алматыда магистральдық көшелерді көркейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл Бостандық ауданында 11 магистральдық көшеге техникалық тротуарлар төселеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Техникалық тротуарлар магистральдық көшелерде орналасып, топырақтың жылжуының алдын алуға және қарды сапалы тазартуға көмектеседі. Сонымен қатар, мұндай тротуарлар судың ағуын реттеп, нөсер жауын кезінде көшелердің су басу қаупін азайтады.
Жұмыстар Садықов, Мұстафин, Исиналиев, Тілендиев, Радостовец, Ғабдуллин, Кекілбайұлы, Наурызбай батыр, Марков, Өтепов көшелері мен Бұқар Жырау бульварын қамтиды.
Былтыр ауданда алты көше көріктендірілген болатын, ал биыл шұңқырларды жөндеу жұмыстары жалғасады. Жөндеу жұмыстары байқау өткізілгеннен кейін және мердігермен келісімшарт жасалған соң басталады.