Костанай облысында спортты дамыту: жаңа басшы бекітілді

1012
Фотосурет: Gov

ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына ұсынылған үміткердің кандидатурасы қаралды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Комиссия талқысына ұсынылған үміткер – ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ директоры Дулат Советханұлы.



Комиссия мүшелері үміткердің спорт саласындағы тәжірибесін, басқарушылық қабілетін және өңір спортының дамуына қатысты ұстанымын жан-жақты зерделей келе, оның кандидатурасын мақұлдады.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -