Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда

968
Фотосурет: elements.envato.com

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдай барлық негізгі инфекциялық аурулар бойынша тұрақты болып қала береді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Иммундауды күшейту жөніндегі шаралар, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап республика бойынша қызылшаның 273 жағдайы тіркелді, оның ішінде қаңтар айында 168 жағдай анықталды, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 98,2%-ға төмендеуді білдіреді. Соңғы аптада қызылшаның 59 жағдайы тіркелді.

Ағымдағы жылдың басынан бері көкжөтелдің 104 жағдайы, оның ішінде қаңтарда – 69 жағдай тіркелді, бұл сырқаттанушылық деңгейінің 49%-ға төмендегенін көрсетеді. Өткен аптада көкжөтелдің 18 жағдайы тіркелді.

Қызылша мен көкжөтелдің көптеген жағдайлары егілмеген балалардың арасында тіркеледі.

Вакцинациялаумен қамтуды мониторингтеу, вакциналардың қозғалысын есепке алу және оларды сақтау үшін Министрлік профилактикалық егулерді есепке алу жүйесін және барлық деңгейдегі суық тізбек жүйесін цифрландыруды жүргізуде.

Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап республикада ЖРВИ-дің 3,1 млн.жағдайы тіркелді, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңіне қарағанда 20%-ға аз. Осы эпидемиологиялық маусымда зертханалық расталған тұмаудың 2370 жағдайы тіркелді, бұл өткен эпидемиологиялық маусымның деңгейіне сәйкес келеді.

Тұмауға қарсы 2,3 млн.астам адам егілді, бұл ДДҰ ҚР халқының кемінде 10%-ын егуду ұсынған кезде 11,6%-ды құрайды.

Аурудың алдын алу үшін келесі профилактика шараларын сақтау ұсынылады: адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу; үй-жайларды үнемі желдету; қолды тазалау үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану; науқас адамдармен байланысты шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету.

Коронавирустық инфекция бойынша елдегі жағдай да тұрақты болып қала береді. Жыл басынан бері елде КВИ-дің 116 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 есеге төмендеді. Өлім жағдайлары жоқ. Соңғы мониторинг деректері бойынша омикрон кіші нұсқасының айналымы анықталған.

Кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында қытайлық ғалымдардың жарқанаттарда (HKU5) жаңа коронавирус тапқаны туралы ақпарат пайда болды, бұл жануардан адамға жұғу қаупін тудырады. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының және Қытайдың ауруларды бақылау және профилактика орталығының ресми сайттарында бұл вирус туралы ресми ақпарат жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -