Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен татулықтың 30 жылы» атты көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Көрменің мақсаты – ҚР Президенттік орталығының жинағындағы материалдар негізінде ҚХА-ның қалыптасу және даму тарихын, сондай-ақ ҚХА-ның халықтық дипломатияны, этнодіни қатынастарын дамуындағы рөлі мен маңызын, Қазақстан Республикасында ұлтаралық келісімді нығайту және қоғамды біріктіру ісіне қосқан үлесін көрсету.
Көрмеге ҚР Президенттік орталығының архив, кітапхана және музей қорларынан 100-ге жуық экспонат қойылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР ПІБ Президенттік орталығы ұйымдастырған іс-шарада, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
«Бұл жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін ерекше жыл. Жыл басынан бері еліміздің барлық өңірлерінде мерейтойлық іс-шаралар өткізіліп келеді, олардың әрқайсысы қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған. Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық келісім мен тұрақтылықтың кепілі болды. Бүгінде этносаралық келісімді дамыту үшін барлық жағдай жасалған, ал ұлттық бірлік басты құндылық болып қала береді. Ассамблея - бұл халықаралық деңгейде мойындалған табысты этносаралық өзара іс-қимылдың үлгісі. Әлемдік қоғамдастық келісім мен тұрақтылықтың қазақстандық моделін жоғары бағалайды, оны бейбіт қатар өмір сүру мен өзара сыйластықтың үлгісі ретінде қарастырады. Бұл біздің ортақ жетістігіміз - достықты, бірлік пен өзара түсіністікті бағалайтын халықтың жетістігі. Біздің басты міндетіміз - бұл құндылықтарды сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу» Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов
«Бүгінде Ассамблея этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің шынайы символына айналды, оны «Әртүрліліктегі бірлік» формуласымен білдіруге болады. Оның арқасында елімізде Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениетін, тілдерін, дәстүрлерін дамыту үшін кең мүмкіндіктер жасалған. Ал олардың саны 130-дан асады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2023 жылғы 27 сәуірдегі XXXII сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Қазақстан – біртұтас ұлт, еліміздің әрбір этносы достықты, үйлесім пен келісімді нығайтуға өзінің өлшеусіз үлесін қосып отырған команда деп айтуға болады» деп атап өтті. Бүгінгі көрме аясында біз Қазақстан халқы Ассамблеясының даңқты жылнамасының және жалпы еліміздің тарихының негізгі беттерін этносаралық қатынастар призмасы арқылы көрсетуге тырыстық» Деп айтты ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат
Өз кезегінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу және даму тарихы туралы айтып берді, сондай-ақ ҚХА-ның қазақстандық қоғамдағы қоғамдық және этносаралық келісімді нығайтудағы рөлін атап өтті.
Айта кету керек, көрме 2 бөлімнен тұрады және Ассамблея идеясының гүлденуін еліміздің Тәуелсіздігінің маңызды жетістігі ретінде бақылауға мүмкіндік беретін материалдардың толық, жүйеленген кешенінен тұрады:
І. «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тарихы» бөлімінде ҚР Президенттік орталығының архив және музей материалдары арқылы ҚХА-ның қалыптасу және даму тарихы ұсынылған, олар оның этносаралық келісімді сақтау және Қазақстан халқының бірлігін нығайту ісіндегі бастамаларын баяндайды.
ІІ. «Этносаралық және жалпыұлттық келісімнің кепілі» бөлімінде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын түрлі этностардың өкілдері арасындағы мүдделерді біріктіру және оң өзара іс-қимыл қағидаттарында әрекет ететін ҚХА платформасында бірлік пен келісім идеясын дамыуы мен нығайюы көрсетілген.
Тақырыптық экспозициялардың ашылу рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, ел Парламентінің екі палатасының депутаттары қатысты.
Көрме 2025 жылдың 25 наурызына дейін жұмыс істейді.